-Бүгін еліміз үшін маңызды шара өтіп жатыр. Мұндай ауқымды шараға алғаш рет қатысып отырмын. Мен үшін тарихи сәт. Ел Президентін ұлықтау рәсіміне барлық облыстан делегаттар қатысуда.
Ең қуанатын нәрсе Президент өз сөзінде "Менің алғашқы жарлығым ауылдарды дамыту болмақ" деді. Президенттің осы сөзі маған үлкен қуаныш сыйлады. Себебі сайлау науқаны кезінде аудандық штабтың жетекшісі ретінде ауыл-елді аралаған кезде халық тарапынан көптеген сұрақтар болып еді. Бүгін Президент өзі ауылға көңіл бөлеміз деп, жарлыққа қол қойып бәрімізді қуантып тастады, - деді Президентті ұлықтау рәсіміне қатысқан "AMANAT" партиясы Ақжайық аудандық филиалының атқарушы хатшысы Артур Ермуханов.
Пікірді дайындаған: Асылбек Нәсіпқалиұлы,
zhaikpress.kz