21.04.2022, 9:15
Оқылды: 244

Ауыр атлетикадан алғашқы алтын!

Осы аптаның дүйсенбісінде Қызылорда қаласында ауыр атлетикадан биылғы ел чемпионаты өз жалауын көтерді. 

IMG-20220421-WA0002

Сыр бойындағы бұл бәсеке алдағы жексенбіде мәреге жетеді. Қазірдің өзінде кейбір салмақ дәрежелері бойынша жеңімпаз-жүлдегерлер анықталып үлгерді.  Мәселен, 61 келіде бақ сынаған батысқазақстандық Өтепберген Әлиев (суретте ортада) жұлқа көтеруде 121 келіні бағындырып, ал серпе көтеру бойынша 145 келіні еңсерсе, қоссайыстың қорытындысында 266 келі нәтиже көрсетіп, ел чемпионы атанды. Бұл Батыс Қазақстан облысы бойынша ауыр атлетикадан ересектер арасындағы алғашқы алтын медаль! Өтепберген үшбу нәтижесі арқылы ҚР Халықаралық дәрежедегі спорт шебері талабын орындады. Еліміздің су жаңа чемпионы Дәурен Байтөриев және Дәурен Жалғасбаевтың жетекшілігімен жаттығады.

Жеңіс құтты болсын, жерлестер!

Бауыржан Ғұбайдуллин,

zhaikpress.kz 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале