19.01.2023, 11:29
Оқылды: 44

Автобус жүргізушілерінің кінәсінен 37 адам мерт болды

2022 жылы автобус жүргізушілерінің кінәсінен 37 адам мерт болды. Бұл туралы Мәжіліс депутаттарының сауалына Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

230118133409790e

«2022 жылы автобус жүргізушілерінің кінәсінен 382 жол-көлік оқиғасы орын алып, 37 адам қайтыс болды, 639 адам жарақаттанды. Оның ішінде жол-көлік оқиғасының 70 пайыздан астамы тұрақты тасымалдау бағдарлары болған. Жолаушылар көлігінің қатысуымен болған жол-көлік оқиғаларын қысқарту және жолаушыларды тасымалдау қағидаларының сақталуын бақылауды күшейту мақсатында жыл сайын көліктік бақылау, төтенше жағдайлар жөніндегі инспекцияларының, әкімдіктер және қоғамдық бірлестіктердің қызметкерлерін тарта отырып, «Автобус» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы өткізіледі», - деп атап өтеді бірінші вице-премьер жауабында.

Үкімет басшысы бірінші орынбасарының дерегінше, өткен жылы аталған іс-шараның нәтижесінде қоғамдық көлік жүргізушілерінің 65 мыңнан астам жол ережесін бұзғаны анықталды. Оның ішінде мас күйінде автобустарды басқару, жолаушыларды заңсыз тасымалдау, көлік құралдарын заңсыз қайта жабдықтау, көлікті басқару кезінде ұялы телефондарды қолдану сынды факторлар бар.

«Автобус парктерінің, оның ішінде халықаралық және қалааралық тасымалдарды жүзеге асыратын, 600-ден астам лауазымды тұлғасы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 200-ден астам рұқсат етілмеген тұрақты ұйымдастыру жұмысы тоқтатылды. Көліктік қызмет көрсетуді ұйымдастыруды жақсарту аясында 410 жосықсыз техникалық байқау операторының қызметі тоқтатылды. Айыппұл салумен 270 әкімшілік материал ресімделді», - деді Роман Скляр.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале