ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Марат Қарабаев автонесиеге қатысты жаңа бағдарлама қашан іске қосылуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Алғашында бастапқы 20 пайыз жарнаны тек әлеуметтік осал топтардың төлемеуін қарастырдық. Мысалы, жас отбасылар, дәрігерлер, оқытушылар, мұғалімдерді босату ойымызда болды. Халықты көбірек қамту үшін қарастырып отырған екінші бағытымыз кеше вице-премьер Роман Скляр айтқандай, барлық азаматқа бастапқы 20 пайызды бірден төлемеу мүмкіндігін қарастырып жатырмыз», - деді вице-министр Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.
Оның атап өтуінше, жаңа бағдарламаны толыққанды дайындау үшін аздаған уақыт қажет.
«2 апта уақыт беріңіздер, содан кейін біз сіздерге келіп, мына күннен бастап бағдарлама іске қосылады, қағидалары мынадай деп айтып береміз», - деді Марат Қарабаев.
12:3025.05.2022
Қазақстанда студенттерге арналған жаңа грант түрі пайда болмақ
15:3016.05.2022
4 пайыздық автонесиеге өтініш беру басталды. Қазақстандықтар не білуі тиіс?
14:3016.05.2022
Банктер 4 пайыздық автонесие өтінімін алатын көліктің VIN-коды бойынша ғана қабылдайды
11:4516.05.2022
4 пайыздық автонесие зейнеткерлерге берілмейді – банк өкілі
25.05.2022, 12:30
16.05.2022, 14:30
16.05.2022, 11:45