18.04.2022, 23:34
Оқылды: 32

«Ахмет Байтұрсынұлы - ұлт ұстазы»

Сәуір айының 15-і күні М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінде қазақтың рухани көсемі, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына орай «А.Байтұрсынұлы мұрасы: зерттеу, жүйелеу және насихаттау» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. 

b7dd6e95-aac0-4019-a935-74b03c62817c

Аталған іс-шараға Түркия Республикасының ғалымдары, Алматы, Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Ақтөбе, Атырау қалаларынан арнайы келген профессор-оқытушылар, сонымен қатар БҚО тілдерді дамыту бөлімінің мамандары қатысты. Рухани жиында қосқан ғалымдар мен оқытушылар Алаш ардақтысының ұрпаққа мұра етіп қалдырған еңбектерін еске алып, бағасы биік баяндамалар жасады. Филология факультеті ұйымдастырған конференция офлайн-онлайн форматта өтті.

522d9e35-bdd8-459b-8c05-be0cedb9e6ac

– Қазақ тіл білімі мен әдебиетінің реформаторы, мысал деген жаңа сөз өнерінің дауылпазы болған, өз кезінде тек қазақ емес, орыс зиялыларына да танылған Ахмет Байтұрсынұлының еңбегі бүгінге үлгі. Бір адамның осынша салада аянбай еңбек етіп, жаңалықтың жаршысы бола білуі – сирек құбылыс. Ұлт көсемінің мысалдарынан бүгінгі қоғам жайын, мақалаларынан тарихи факт пен саяси шешімдерді, ғылыми еңбектерінен тіл мен әдебиет саласының түп қазығын табамыз. Міне осы байлықтың бәрін ертеңге аманат етіп қалдыруға міндеттіміз. Бұл жиынды ұйымдастырудағы басты мақсатымыз да осы болатын, – дейді филология факультетінің деканы Айдарбек Ахметұлы.

Аманжол Исламғали,

zhaikpress.kz 

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале