24.01.2025, 14:45
Оқылды: 44

Аязда үсіп қалмау үшін не істеу керек? ТЖМ лайфхактар ұсынды

ТЖМ тоңу және үсіп қалмау үшін қарапайым тәртіп ережелерін еске сақтау қажет екендігін жазды.

Кыс Орал ЖП (1)

- Бос, көп қабатты киім кию;

- Жылы аяқ киімге ерекше назар аударыңыз;

- Аязға қолғап, бас киімсіз және мойын орағышсыз шықпаңыз;

- Терінің жалаңаш бөлігіне метал зат тиіп кетпесін;

- Үсік шалған дене бөлігін қайта тоңазудан сақтаңыз, себебі бұл терінің одан әрі зақымдануына алып келеді;

- Аяқ-қолдардың тоңып қалуы кезінде үсіп қалу қаупі бар жерлерді жылыту және тексеру үшін кез келген жылы жерге (дүкен, кафе, кіреберіс) мүмкіндігінше тезірек кіру қажет;

- Желден қорғаныңыз, себебі желде үсік шалудың ықтималдығы әлдеқайда жоғары.

Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалыңыз.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале