Бүгін «Aqjaiyq» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының ұйымдастыруымен Оралдағы аз қамтылған және көпбалалы 20 отбасыға азық-түлік себеті таратылды.
Облыстық және қалалық жастар ресурстық орталығының қызметкерлері, сондай-ақ ерікті жастар азық-түлік салынған себеттерді жүк көлігіне тиеп, отбасылардың үйіне жеткізді.
– Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында ата-аналарды, бүлдіршіндерді қуанту мақсатында осындай шара ұйымдастырдық. Жергілікті кәсіпкерлер де өздерінің өнімдерін беріп, бізге көмектесті. Оларға алғысымыз шексіз. Мұндай игі шаралар алдағы уақытта да жалғасады, – деді «Aqjaiyq» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы тұрақтандыру қорымен жұмыс жасау департаментінің директоры Мейірбек Нұркен.
Марлен Ғилымхан,
zhaikpress.kz