10.10.2024, 12:45
Оқылды: 100

«Азаматтарға мемлекеттік қызметті сапалы көрсету – басты назарда» – Мемлекеттік қызмет істері агенттігі

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті қызметін Мемлекет басшысы жариялаған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы шеңберінде жүзеге асырып жатыр. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің БҚО бойынша департаменті жазды.

ЖП, әкімдік акимат

Бұл ретте департаменттің негізгі функцияларының бірі – қызмет алушылардың құқығын қорғау.

Қызмет алушылардың құқықтары көбіне негізсіз бас тарту жолымен бұзылады.

Мысалы, Бәйтерек ауданының жергілікті атқарушы органдарының іс-әрекеттеріне қатысты екі шағым түсті. Шағымды қарау барысында жер учаскесіне қатысты жағдайында комиссиясының өтініштерді қарау кезінде кворум сақталмай, жер құқығын беру тәртібі бұзылғаны анықталды.

Жергілікті атқарушы органдармен жер комиссиясының өткізу тәртібі сақталмай, салдарынан қызмет алушылардың құқығы бұзылды. Департаментпен шағымдарды қарау нәтижесінде заңсыз шығарылған жер комиссиясының шешімі жойылып, қайта қарауға жолданды.

Сонымен қатар азаматша медициналық ұйымға өзін және баласын тіркей алмай, департаментке жүгінді. Шағымды зерделеу барысында Орал қалалық емханасының азаматшадан негізсіз бас тартқаны анықталды. Нәтижесінде, қызмет алушыны медициналық ұйымға тіркеу бойынша тиісті іс-шаралар қабылданып, мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға жол берген кінәлі тұлға жауапкершілікке тартылды.

Тағы бір мысал, бір кәсіпкер өз кәсібін кеңейту мақсатында сауда-саттықты талап етпейтін жолымен жер учаскесін беруді сұраған, ал жергілікті атқарушы органдар одан негізсіз бас тартқан.

Департамент кәсіпкердің шағымын қарау нәтижесінде негізсіз бас тарту фактісін растап, кәсіпкердің өтінішін қайта қарап, заңды шешім шығару туралы ұсыныс жолданды. Заң бұзушылықтарға жол берген кінәлі лауазымды тұлғалар жауапкершілікке тартылды.

Атап айтсақ, осы жылы шағымдарды қарау нәтижесінде департамент 29 қызмет алушының құқығын қорғады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале