Әзербайжанда ерекше карантин режимі 2022 жылдың 1 наурызына дейін ұзартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Trend-ке сілтеме жасап.
Бұл туралы елдің премьер-министрі Али Асадов қол қойған Министрлер кабинетінің қаулысында айтылған. Коронавирус инфекциясының таралмауы мақсатында Әзербайжан аумағында ерекше карантин режимі 2022 жылдың 1 наурызы сағат 06:00-ге дейін ұзартылады, делінген қаулыда. Айта кетейік, бұған дейін Әзербайжанда ерекше карантин режимі 2022 жылдың 1 қаңтарына дейін ұзартылған еді.