Біле жүріңіз!
Сол тұста Орда ауданының басқаруында болған Азғыр ауылдық кеңесі 1952 жылғы қаулыға сәйкес жаңа әкімшілік-территориялық бөлікке түсті.
Азғырдың зона аймағына кіретін колхоздары аймақтан шығарылып, Гурьев облысының Теңіз ауданына берілді. Азғыр ауылдық кеңесіне қараған «Жданов» колхозынан Жұха Битанов, Жұмаслан Оразғалиев, Рая Алдонғарова, Ақсұлу Хұлдасова, Батила Айталиева, Сабыр Шаңқышов, Орынғали Құтышев, Харес Артығалиев, Хали Сахибеденов, Сахибеден Өтешов, Құсайын Нығыметов, Өтебәлі Құрақов, Избасар Пшанов, Ғилыман Арыстанғалиевтің жанұя мүшелері, барлығы 50 адам әскери сынақ аймағынан сыртқа шығарылса, «Берия» колхозынан Бисалиева Қ, Құлшатова У, Ермеков М, Ермекова А, Дүйсенәлиева З, Құлшатов Қ, Ниғыметов Қ, Аспанова Н, Ахметов Ғ, Сейтова М, Идрисов Р, С. Дүйсеновалардың отбасы мүшелері, барлығы 43 адам әскери сынақ аймағын тастап шықты.
Зулхожа Шарафутдинов,
zhaikpress.kz