15.07.2022, 12:30
Оқылды: 38

Ажар Ғиният омикрон штамының таралу қарқыны жайында айтты

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният коронавирустың омикрон штамының таралуына қатысты айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

019d7772522041b199f3aaa905e99e93

Сурет: Орталық коммуникациялар қызметінен

«Cоңғы аптада әлемнің 108 елінде сырқаттану деңгейінің өсуі байқалып отыр. Оның ішінде Жапонияда соңғы аптада сырқаттану 112 пайызға (169 мың жағдайдан 360 мың жағдайға дейін), Арменияда 103 пайызға (174 жағдайдан 354 жағдайға дейін), Венгрияда 72 пайызға (4663 жағдайдан 8036 жағдайға дейін), Қытайда 28 пайызға (571 жағдайдан 733 жағдайға дейін), Ресейде 12 пайызға (21 мыңнан 23 мың жағдайға дейін) өскен», - деді А. Ғиният Орталық коммуникациялар қызметінде.

Оның айтуынша, COVID-19 омикрон штамы барлық елде негізгі вирус болып тіркелді. Оның үлесі зерттелген үлгілердің 92 пайызын құрайды. омикрон штамының арасында BA.5 және BA.4 үлесі артып келеді.

«Соның ішінде вирустың BA.5 түрі 83 елде анықталды. Қазақстанда маусым айында жүргізілген зерттеу қорытындысы бойынша осы омикрон ВА.5 нұсқасы 70 пайызды құрап отыр», - деді министр.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале