7.12.2022, 17:32
Оқылды: 50

АжҚДМ вице-министрі Бәйтерек ауданының тұрғындарымен кездеседі

2022 жылғы 8 желтоқсан күні сағат 11.00-де Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Переметное ауылының музыкалық-драма театрында Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі С.Р.Егізбаевтың халықпен кездесуі және азаматтарды жеке қабылдауы өтеді.

8

Кездесу барысында ақпарат саласын дамыту, азаматтық қоғам, жастар және отбасы саясаты, дін, этносаралық қатынастар, қоғамдық сананы жаңғырту мәселелері талқыланады.

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қызметі саласына қатысты мәселелер бойынша Министрліктің ресми сайты арқылы «онлайн-қабылдау» - «сұрақ - жауап» - «министрмен кездесу» сұрақ санатын таңдап сұрақ қоюыңызға болады (https://www.gov.kz/…/enti…/qogam/virtual-reception/question…)

Сонымен қатар, халықпен кездесуден кейін сағ. 14.00.-ден 16.00-ге дейін азаматтарды жеке қабылдау өткізіледі (Бәйтерек ауданының әкімдігі ғимаратында, Гагарин көшесі, 139). Жеке қабылдауға жазылу үшін өтінімдерді қабылдау сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін 8 (705) 638-66-84 (Сагубаева Алма Жасқайратқызы) нөмірі бойынша жүзеге асырылады.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале