Қазанның 26-сы мен 30-ы аралығында Тәжік елінің астанасы Душанбе қаласында ММА-ден Азия чемпионаты өтті. Азияның балға жұдырықты спортшыларының айқасында Қазақстан құрамасы сапында өнер көрсеткен оралдық оғландар үш медаль жеңіп алды.
Азия чемпионатында өнер көрсеткен батысқазақстандық Самғат Шабдан 65,8 келі салмақ дәрежесінде күміс жүлдегер атанса, 120 келі тартатын спортшылар сынында Нұрәділ Құдайбергенұлы қола медаль еншіледі. Бұл екі спортшы жастар арасындағы бәсекенің көркін қыздырды. Ал ересектер сынында Руслан Абдрахманов (52.2 келі) ММА арландарының айқасының қола жүлдегері атанды.
Түгелбай Бисен