29.04.2022, 12:30
Оқылды: 276

Азия чемпионатында ерлеген Ержан

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің студенті Ержан Ерболат қол күресінен Азия чемпионы атанды.

31

Университетіміздің «Экономика, ақпараттық технологиялар және кәсіби білім беру институтының» ақпараттық технологиялар мамандығының 3-курс студенті Ержан Ерболат Өзбекстан елінің Самарқанд қаласында өткен жастар арасындағы Азия чемпионатында 55 келі салмақ дәрежесінде бағын сынаған болатын. Нәтижесінде мықтылығын дәлелдеген спортшы жеңіс тұғырына көтеріліп, қазақ елінің мерейін үстеді.

БҚАТУ медиа орталығы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале