30.01.2024, 11:00
Оқылды: 61

Азық-түлік бағасы басты назарда ма?

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағаларын тұрақтандыру мақсатында 2019-2023 жылдары жергілікті бюджеттен 5,3 млрд теңге бөлінді. Оның ішінде «айналым сызбасы» тетігі аясында 2,8 млрд теңге және тұрақтандыру қорын қалыптастыру үшін 2,5 млрд теңге қарастырылған. Бұл жөнінде өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында «AQJAIYQ» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ тұрақтандыру қорын басқару департаментінің директоры Мейірбек Нұркен баяндады.

мейрбек

Спикердің сөзінше, бүгінгі таңда тұрақтандыру қорында тікелей сатып алу, «айналым сызбасы» тетігі және форвардтық келісімшарттар аясында жалпы сомасы 3,1 млрд теңгеге 14 281 тонна көлемінде азық-түлік сақтаулы.

– «Айналым сызбасы» бойынша 2 млрд теңгеге 8 376 тонна, форвардтық шарттар не­гізінде 1 млрд теңгеге 5 616 тонна, тұрақтандыру қорына 117 млн теңгеге 290 тонна өнім сатып алынды. Оның ішінде маусым­аралық кезеңде бағаны тұрақтандыру үшін келісімшарт жасау мақсатында жұмыстар жалғасуда (2024-2025 жылдарда­ғы маусымаралық кезеңге – 2.2 теңгеге 10 145 тонна). Маусымаралық  мезгілде (мамыр-тамыз) импорттық көкөністерді сатып алу бойынша жергілікті ірі көтерме өнім берушілермен келіссөздер жүргізілуде. Ауыл шаруашылығы министрлігі халықтың қажеттілігін қамтамасыз ететін азық-түлік тауарының 8 түрін белгілеп, үш айлық тұтыну межесінің 30%-ы есебінен қала тұрғындарының көкөніс өнімдеріне (картоп, сәбіз, пияз, қырыққабат) және облыс халқының жарма өнімдеріне (күріш, қарақұмық, қант, макарон) қажеттілін анықтады. Қазір 7 тауар түрі бойынша ішкі нарық 100% қамтамасыз етілген. Олар – картоп, сәбіз, пияз, қырыққабат, қарақұмық жармасы, қант және макарон. Күріш бойынша қамтылу көрсеткіші – 51,2 пайыз. Алайда бүгінгі таңда өңірде күріштің жеткілікті қоры бар. Жалпы тұрақтандыру қорында азық-түлік тауарларының 12 түрі бар. Облыс нарығындағы бағаларды реттеу және бағаның күрт өсімін алдын алу мақсатында әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы азық-түлік тауарларының тауарлық интервенциясын жүргізуде, – деді Мейірбек Асқарұлы.

Бұған қоса баяндамашы тауық жұмыртқасы («Агрофирма Ақас» ЖШС 473 теңге/он дана), 1-сұрыпты ұннан жасалған нан («Желаев нан» дүңгіршектерінде), макарон, күнбағыс майы, майлылығы 2,5% сүт, күріш, қарақұмық жармасы, қырыққабат, сәбіз, картоп сияқты 10 түрі бойынша тауарлық интервенция жүргізіліп жатқанын да айтып өтті. Өнімдер Орал қаласында орналасқан 60-тан астам сауда нүктесінде сатылады («Алтындар» – 22, «Анвар» – 2, «Пешеходь» – 9, «Дина» – 3, шағын маркеттер – 13, «Манго» – 2, «Вега» – 1, «Социальный» супермаркеті – 2, «Аяжан» – 1, облыс аудандары).

Аружан Аманжол,

«Орал өңірі»

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале