Күнделікті тұтынатын азық-түлік бағасының өсуі – қарапайым тұрғындардың көңіл күйіне теріс әсер ететін шетін мәселенің бірі. Бұл мәселе өңірлердегі әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың тұрақтандыру қорына кіргізілген әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына қатысты қозғалса, оның теріс әсері бұдан да тереңдей түспек. Осы орайда тұрақтандыру қорларын құрудағы басты мақсат – белгілі бір өңірде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету емес, жергілікті маңызы бар тауарлар бағасының күрт көтеріліп кетпеуі үшін қажетті шаралар белгілеу екенін айта кеткеніміз жөн.
Бұл бағытта олар өз қызметінің тиімділігіне қол жеткізе алып жүр ме? Бірінші қажеттіліктегі тауар қоры оның бағасын аспандатып жібермей ұстап тұруға жете ме? Мұндай сауалдарға бірден кесіп-пішіп, жауап қайтару қиын-ақ. Сондықтан да мәселенің мәнісіне «Ақжайық» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының мысалында көңіл аударып көргенді жөн санаймыз.
Мақаланың толық нұсқасын облыстық "Орал өңірі" газетінің 9 сәуірдегі №28 санынан оқи аласыздар.
Темір Құсайын,
ҚР Парламенті
сыйлығының иегері