9.04.2021, 11:15
Оқылды: 209

Азық-түлік бағасы құбылып тұр

Күнделікті  тұтынатын  азық-түлік бағасының  өсуі  –  қарапайым тұрғындардың көңіл  күйіне теріс әсер ететін шетін мәселенің бірі. Бұл мәселе өңірлердегі әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың тұрақтандыру қорына кіргізілген әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына қатысты қозғалса, оның теріс әсері бұдан да тереңдей түспек. Осы орайда тұрақтандыру қорларын  құрудағы басты мақсат  –  белгілі бір өңірде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету емес, жергілікті маңызы бар тауарлар бағасының күрт көтеріліп кетпеуі үшін  қажетті шаралар белгілеу екенін айта кеткеніміз жөн.  

9DE60A80-4C5B-42C9-AC38-EB10C33B43C4

Бұл  бағытта олар өз қызметінің тиімділігіне қол жеткізе алып жүр ме? Бірінші қажеттіліктегі тауар қоры оның бағасын аспандатып жібермей ұстап тұруға жете  ме? Мұндай сауалдарға бірден кесіп-пішіп, жауап қайтару қиын-ақ. Сондықтан да мәселенің мәнісіне «Ақжайық» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының мысалында көңіл аударып көргенді жөн санаймыз.  

120C2506-2D12-42AA-B054-65DC5EC16B0C

Мақаланың толық нұсқасын облыстық "Орал өңірі" газетінің 9 сәуірдегі  №28 санынан оқи аласыздар.

Темір Құсайын,

ҚР Парламенті
сыйлығының иегері

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале