27.12.2022, 9:15
Оқылды: 50

«Азынабай-Тайпақты айтудай-ақ айтып келемін, бірақ одан әзірге нәтиже жоқ...»

Ғазиз Усағалиұлы Хаймулдиннің соңғы жиырма жылдың бедерінде талмай айтып келе жатқан бір мәселесі бар. Ол – Азынабай - Тайпақ суландыру жүйесінің жайы. Мұны ағамыз талай жиындардың мінбесінен айтып жүр. Облыс тізгінін ұстаған бірінші хатшылар мен әкімдердің құлақтарын талай «сарсытты». Республика көлемінен келген мамандар мен басшылардың алдында көтеріп, айтудан кенде емес. Тіпті аяқ жетер жерге дейін барып, мәселені жерде қалдырмас деген министрлердің алдында да айтты.

IMG-20221226-WA0006

Азынабайды айқайлатқан талай мақала «Орал өңірі» газетінің бетінде өткен жылдарда дүркін-дүркін жарияланды. Сол Ғазекең жуырда «Орал өңірі» газетінің редакциясына тағы да арнайы келді. Әңгіме тақырыбы – сол баяғы Азынабай - Тайпақ. Бұл жолы сен де оған құлақ сал, қадірлі оқырман?! Алайда осы жерде ерекше ескеретін бір мәселе бар, ол – Ғазиз ағамыздың Азынабай - Тайпақ жөніндегі өзінің пікірі, жеке ұсынысы. Ол дұрыс па, бұрыс па, тап солай істегенде тиімділігі мен пайдасы қандай,  болашағы бар ма, оны мамандардың еншісіне қалдырдық.

Ғазекең әңгімесін Тайпақтың сонау жылдардағы бүгінде «қайран дәуренге» айналған жалаулы дәуірінен бастап толғады.

Мақаланың толық нұсқасын "Орал өңірі" газетінің №153 (17.12.2022) нөмірінен оқи аласыздар!

Есенжол Қыстаубаев,

zhaikpress.kz 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале