12-18 сәуір аралығында Қостанайда өткен 2003 жылы туған және одан кіші жастағы жасөспірімдер арасындағы бадминтоннан ел чемпионатында БҚО құрама командасы тамаша өнер көрсетті.
Қоржынымызға 1 алтын, 1 күміс және 5 қола медаль түсіп, командалық есепте 2-орынға ие болдық. Жарыс нәтижесі төмендегідей:
Ерлер арасында жеке есепте Никита Васильев – 3-орын.
Әйелдер арасында жеке есепте Наргиза Рахметуллаева – 3-орын.
Ерлер арасында жұптық есепте Никита Васильев/Матвей Грищенко – 3-орын.
Данила Рублев/Константин Федосеенко (Қостанай обл.) – 3-орын.
Әйелдер арасында жұптық есепте Наргиза Рахметуллаева/Ева Бутпаева – 2-орын.
Аралас жұптық есепте Никита Васильев пен Наргиза Рахметуллаева – 1-орын.
Матвей Грищенко/Ева Бутпаева – 3-орын.
Тоқтар Кенжеғалиев,
zhaikpress
Сурет Olympic.kz сайтынан алынған