10.11.2023, 18:00
Оқылды: 0

Байқау жеңімпаздары марапатталды

Бүгін Оралдағы «Өрлеу» филиалында республикалық «Педагогикалық идеялар панорамасы - 2023» байқауының облыстық кезеңі жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

3129c5d5-e92f-49c5-808e-7ae00f2e1f05

Бұл байқау «Өрлеу» біліктілікті арттыру Ұлттық орталығының ұйымдастыруымен төртінші рет өткізілді.

d31ee45d-031d-4a00-abc7-1386149d10e8
Байқаудың облыстық кезеңіне 541 педагог қатысып, бақ сынады. Қорытындысында 12 аталым бойынша 73 педагог жүлделі орынға ие болды.
Салтанатты шараны институт директоры Софья Измуханбетова құттықтау сөзбен ашып, республикалық кезеңге жолдама алған педагогтерге сәттілік тіледі.

dc18daf8-1833-439e-9e06-62d08f38dc37
Салтанатты шара аясында жүлдегер-педагогтерге І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдар табыс етілді.

Шараға облыстық білім беруді дамыту орталығы тұлғаны әлеуметтендіру және тәрбие жұмысы орталығы бөлімінің басшысы Гүлзина Серікқалиева қатысып, құттықтау сөз сөйледі.

Сондай-ақ байқауға облыстық және қалалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы жеңімпаздарды естелік сыйлықтармен марапаттауға қолдау көрсетті.

Байқаудың облыстық кезеңінен үздік деп танылған 12 педагогтің жұмысы республикалық кезеңге қатысуға жолдама алды.

Толқын Габдушева,

«Өрлеу» БАҰО» «БҚО КДИ», PR, SMM маманы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале