4.04.2022, 22:11
Оқылды: 140

Бәйтерек, Тасқала аудандарында су басуға қарсы шаралар тексерілді

Бүгін Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Т.Меңдіғалиев және төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Р.Блялов су басуға қарсы шараларды тексеру мақсатында Бәйтерек ауданы Переметный ауылына іссапарға шықты.

190DA3E3-20B4-433E-B7CE-8D2B0058DB6D
Іссапар барысында Переметный ауылының солтүстік бөлігінде орналасқан Деркөл өзеніндегі су бөгеті және өзендегі судың көтерілу тәуекелділігін қарады.
Сонымен қатар Тасқала ауданы әкімі Б.Айтмағамбетовпен кездесіп, Тасқала ауданында, оның ішінде Үлкен көпір және «Шұғыла» балалар жазғы демалыс лагері аймағынан өтетін Деркөл өзенінің ағысын қарап, тәулік бойы Тасқала және Бірлік ауылдарында Деркөл өзенінің бойы және су басу қаупі бар аумақтарды бақылауда ұстауды, сондай-ақ Маңғыстау облысы ТЖД жедел құтқару жасағы Деркөл өзенінде кептелістерді жоюға дайындау секілді тапсырмаларды берді.

БҚО ТЖД баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале