Эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына байланысты ведомствоаралық комиссия барлық санитариялық талаптарды қатаң сақтай отырып, брифингтер мен баспасөз конференцияларын күндізгі режимде өткізу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Осылайша, ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметі мен өңірлік коммуникациялар орталықтары базасында ASHYQ қосымшасында «жасыл» мәртебесі бар БАҚ өкілдері офлайн форматта баспасөз конференцияларына қатыса алады.
Бұл жайында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен ҚР аумағында коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында айтылды.
Комиссия отырысы барысында ел өңірлеріндегі коронавирус инфекциясының жағдайы және азаматтарды вакциналау деңгейі туралы баяндамалар тыңдалды. Премьер-Министрдің орынбасары өңірлерге иммундау қарқынын төмендетпеуді тапсырды.