7.09.2022, 11:16
Оқылды: 103

Бақылау-касса машиналарының бағдарламасын жаңарту мерзімі ұзарды

Мемлекеттік кірістер комитеті бақылау-касса машиналарының бағдарламасын жаңарту мерзімін ұзартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

220907102950450e

« Салық төлеушілердің өтініштеріне байланысты Мемлекеттік кірістер комитеті деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қайта бағдарламалау мерзімін 2022 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзарту туралы шешім қабылдады.

Бұдан бұрын 2022 жылғы 15 қыркүйекке дейінгі мерзімде 2.0.2-нұсқадағы хаттамаға бақылау-касса машиналарын қайта бағдарламалау қажеттігі туралы хабарланған болатын», - деп жазды ведомстводан.

Деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қолданатын барлық жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар 2022 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі мерзімде барлық тіркелген бақылау-касса машиналарын қайта бағдарламалау бойынша жұмыстарды аяқтауы қажет.

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 2.0.2-ден басқа хаттамаларға Фискалдық деректер операторлары қолдау көрсетпейді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале