29.03.2021, 22:24
Оқылды: 136

Бақылау күшейтілді

Бөрлі ауданының әкімдігі көктемгі су тасқынының қауіпсіз өтуіне бақылауды күшейтті.

 Бақылау күшейтілді

Аудан әкімі Миржан Сатқанов Ақсай қаласындағы еріген қар суының жеке тұрғын үйлерге кіру қаупі бар көшелер мен су басу қаупі бар аумақтарда болды. Ондағы атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты. Әсіресе, қар мол түскен Аралтал, Қызылтал және Құрылысшы-4 шағынаудандарының жай-күйі жіті бақылауға алынған.

Аудандық әкімдік аппараты ұсынған ақпаратқа сүйенсек, ауданда шұғыл жағдайлар кезінде тұрғындарды эвакуациялау бағыттары белгіленген. Сондай-ақ уақытша бөгеттер құрылысын тұрғызу үшін 1000 қапшық, 100 тонна құм дайындалды.

Ақсай қаласының және ауылдық округ әкімдері өздеріне қарасты аумақтарда жиналған қарды сыртқа шығаруды ұйымдастыру, еріген қар суын қауіпсіз жаққа бұру мақсатында арықтар мен суағарлар қазу жұмыстарын ұйымдастыруда.

Қыс мезгілінде Ақсай қаласы аумағынан 280 мың текше метр қар шығарылды. Бұл жұмыстарға 35 техника жұмылдырылды. Ал еріген қар суын сору жұмыстарына 11 су сорғы машинасы жұмыс істейді.

 

Гүлбаршын Әжігереева,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале