Жаңақала аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың және психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің ұйымдастыруымен 1 маусым – балаларды қорғау күніне арналған «Бақытты балалар-бейбіт елдің тірегі» атты шара өтті.
Мерекелік жиынның шымылдығын «Балбырауын» күйімен Қали Жантілеуов атындағы Темірлан Сыралиев жетекшілік ететін жас домбырашылар ансамблі ашты. Іс-шараға аудан әкімі Алпамыс Көшкінбаев, ресурстық орталықтың басшысы Дәурен Мерешов және ата-аналар қатысты. А.Жаңабайұлы балапандарды мерекемен құттықтап, алдағы уақытта бүлдіршіндердің ата-аналарымен жеке кездесу жасап, қолдау білдіретінін айтты.
Аталмыш мекеменің меңгерушісі міндетін уақытша атқарушы Фатима Сапарова сөз сөйлеп, балақайларды мейрамдарымен құттықтады. Балғындарға арналған іс-шара әсем әнмен, қызықты ойындар және бүлдіршіндер биіне ұласты. Бұл балалардың көңіл күйінің көтерілуіне себепші болды.
Жиын соңында жеке кәсіпкер Жандос Ұзақ бүлдіршіндерге арналған тәттілерін және ойыншықтарын тарту етті. Кеш соңы естелік суретке түсумен қорытындыланды.
Аруғаным Қазиева,
Жаңақала ауданы.
zhaikpress.kz