24.05.2023, 12:44
Оқылды: 56

Бақытты балалар - бейбіт елдің тірегі

Жаңақала аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың және психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің ұйымдастыруымен 1 маусым – балаларды қорғау күніне арналған «Бақытты балалар-бейбіт елдің тірегі» атты шара өтті. 

910b6ed2-df7b-47a4-9163-a29add2cacd1

Мерекелік жиынның шымылдығын «Балбырауын» күйімен Қали Жантілеуов атындағы Темірлан Сыралиев жетекшілік ететін жас домбырашылар ансамблі ашты. Іс-шараға аудан әкімі Алпамыс Көшкінбаев, ресурстық орталықтың басшысы Дәурен Мерешов және ата-аналар қатысты. А.Жаңабайұлы балапандарды мерекемен құттықтап, алдағы уақытта бүлдіршіндердің ата-аналарымен жеке кездесу жасап, қолдау білдіретінін айтты.

5a7ee0a5-3d90-4e27-8a85-eb27567263d1

Аталмыш мекеменің меңгерушісі міндетін уақытша атқарушы Фатима Сапарова сөз сөйлеп, балақайларды мейрамдарымен құттықтады. Балғындарға арналған іс-шара әсем әнмен, қызықты ойындар және бүлдіршіндер биіне ұласты. Бұл балалардың көңіл күйінің көтерілуіне себепші болды.

c246aa44-8626-43da-8fac-ff2666953fbc

Жиын соңында жеке кәсіпкер Жандос Ұзақ бүлдіршіндерге арналған тәттілерін және ойыншықтарын  тарту етті. Кеш соңы естелік суретке түсумен қорытындыланды.

Аруғаным Қазиева, 

Жаңақала ауданы. 

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале