Бұл туралы өңірімізге жұмыс сапарымен келген Үкімет делегациясының құрамында болған ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің білім саласының қызметкерлерімен кездесуінде айтылды.
Министрдің айтуынша, негізгі міндеттердің бірі – балаларды 100% мектепке дейінгі біліммен қамту. Бұл бағытта мемлекеттік-жеке меншік әріптестік аясындағы жұмыстарды күшейту қажет.
- Біз жеке кәсіпкерлерді ынталандыру мақсатында жеке балабақшаларға «Балапан» бағдарламасы бойынша мемлекеттік тапсырыс бөліп, әр балаға қаржы төлейміз. Сондай-ақ балабақша кезегіндегі қажетсіз ережелер мен жемқорлықты жойып, тәртіп орнату қажет. Ол үшін балабақшалардағы барлық кезекті республикалық бірыңғай кезекке біріктіріп және балабақшаға жолдама алуды «электронды үкімет» арқылы автоматтандырған жөн. Бұл бағытта еліміздің төрт қаласында қанатқақты жоба жұмыс жасауда. Біз соның ішіндегі ең тиімдісін таңдап, биыл іске қосамыз, - деді ол.
Гүлжамал Кенжеғалиева
zhaikpress.kz