Орал қаласындағы балабақшада болған келеңсіз оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды, - kaz.inform.kz.

Фото сайт архивінен
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, қазіргі кезде оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.
— Орал қаласындағы балабақшада баланың зәбір көруіне қатысты, ҚР ҚК 140-бабы 2-бөлігіне (кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау) сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жалғасып жатыр, - деп хабарлады ведомстводан.