19.08.2022, 17:30
Оқылды: 202

Балалар үйі түлектеріне арналған тимбилдинг өтті

Бүгін Батыс Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Ғасыр» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Балалар үйінің түлектерімен кешенді шараларды ұйымдастыру және өткізу» әлеуметтік жобасы аясында балалар үйі түлектеріне арналған «Ортақ мақсат. Қарым-қатынас. Ұйымшылдық» тақырыбында тимбилдинг өтті.

17

Қатысушылар топтық қызықты ойындарға қатысып, жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды. Өткізілген шара команданың әрбір қатысушысының жеке қабілеттері мен мүмкіндіктерін аша отырып, «Шаңырақ» орталығында тұрғыны болып табылатын балалар үйі түлектерінің бірлігін нығайтуға үлкен септігін тигізді. Тимбилдинг аясында «Қарым-қатынас мәдениеті» тақырыбында психолог Жаксыгалиева Альфия Сырымқожақызының тренингі өтті.

18

– Азаматтар тренингке қатысу арқылы позитивті ойлауды, өз-өздерін жоғары бағалауды, қарым-қатынастарын жақсартуды үйрене алады. Шарамыздың негізгі мақсаты балалар үйі түлектеріне береке-бірліктің арқасында көп нәрсеге қол жеткізе алатынымызды түсіндіру, – деді шараны ұйымдастырушы «Ғасыр» жастар қоғамдық бірлестігінің өкілі Тасболат Серікқалиұлы.

19

21

«Ғасыр» жастар қоғамдық бірлестігінің Баспасөз орталығы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале