2.02.2022, 14:30
Оқылды: 64

"Балалар үйіне бармайды". Қатерлі ісіктен қайтыс болған павлодарлық әйелдің отбасы жаңа пәтерге көшті

Онкологиялық дертке шалдыққан марқұм 33 жастағы Анастасия Ставкованың үш баласы мен анасы павлодарлықтар сатып алып берген жаңа пәтерге көшті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

IMG-20220202-WA0012

Бұл туралы еріктілер айтып берді.

IMG-20220202-WA0011

"Бәрі бұған қатты қуанды, әсіресе балалар. Олардың қуанышын сөзбен жеткізу мүмкін емес. Настяның анасы Татьяна Николаевна жылап жібере жаздады. Бәрі осы қоныс тойын күткен", - дейді "Павлодар қаласының VITA іздеу жүйелері" үкіметтік емес ұйымының жетекшісі Екатерина Кудрявцева.

Оның айтуынша, бұл пәтер отбасы бұрын тұрған ықшамауданда. Пәтер жайлы, жылы.

IMG-20220202-WA0010

Айта кетейік, балалардың әжесі бірнеше жылдан бері зейнеткер, бірақ дүкенде тазалықшы болып жұмыс істейді. Қазір ол немерелерін өз қамқорлығына алу үшін құжаттарды рәсімдеп жатыр. Олар балалар үйіне бармайтыны қуантады, дейді еріктілер. Балалардың анасы 2022 жылы 19 қаңтарында қайтыс болған.

Еске салайық, 33 жастағы Анастасия Ставкова қайтыс болғанға дейін Instagram желісіне көмек сұрап жүгінген.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале