Балаларға мереке сыйлады
3 Маусым 2023

Балаларға мереке сыйлады

Оралда VI халықаралық экологиялық форум өтті
3 Маусым 2023

Оралда VI халықаралық экологиялық форум өтті

Желбіре, көк байрағым!
2 Маусым 2023

Желбіре, көк байрағым!

Талдықұдықтықтар челлендж бастады
2 Маусым 2023

Талдықұдықтықтар челлендж бастады

Казталов ауданы: 30 кітап оқыған оқушыға 300 мың теңге беріледі
2 Маусым 2023

Казталов ауданы: 30 кітап оқыған оқушыға 300 мың теңге беріледі

Ақтөбеге барар жолда жол апатынан төрт мұғалім қаза тапты
2 Маусым 2023

Ақтөбеге барар жолда жол апатынан төрт мұғалім қаза тапты

Балалар жылы аясында 6 мыңға жуық әлеуметтік желі материалдары мен 16 сайт бұғатталды

Балалар жылы аясында жастардың санасын улайтын есірткі, суицид, зорлық-зомбылық сияқты іс-әрекеттерді  насихаттаған 6 мыңға жуық материал мен 16 сайт бұғатталды. Бұл туралы  Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі өкілдері айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

9

Министрлік жүргізген мониторинг нәтижесінде бұғаттауға ұсынылған 16 сайт анықталды. Сонымен қатар, жастардың санасын улайтын материалдар да жойылған.

“Ақпараттық қолдауда уәкілеттік орган ретінде, әлеуметтік желілерді мониторинг ретінде жұмыстар атқарылды. Жастардың санасын улайтын есірткі, суицидті, зорлық-зомбылыққа қатысты контентті наисхаттайтын 6 мыңға жуық материал бұғатталып, алынды”, – деді ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінің төрағасы Қанат Ысқақов.

Министрлік өкілдерінің сөзінше,  әлеуметтік зерттеулерге сәйкес ата-аналардың 71,8%-ы балаларды тәрбиелеу кезінде олардың гаджетке, әлеуметтік желіге, интернетке тәуелділігі өзекті мәселе екенін айтқан.

“Осы мәселе ескеріліп, гранттық қаржыландыру шеңберінде "Жастар мен балалар арасында интернетке тәуелділік пен құмар ойындардың алдын алу" әлеуметтік жобасы іске асырылды. Жобаның мақсаты – жастарды интернет-кеңістікте қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелеріне үйрету, интернет-тәуелділіктің және құмар ойындарға тәуелділіктің алдын алу үшін жағдай жасау болып табылады”, – деді ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы   Қайрат Баймульдинов .

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале