27.08.2024, 9:00
Оқылды: 68

Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі ТЖМ-ның басты назарында

ОКҚ алаңында өткен дөңгелек үстел барысында ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитеті Мемлекеттік өрт бақылау және өртке қарсы нормалау басқармасының бас маманы Жанна Дәуренбекова осы жұмысты күшейтуге бағытталған шаралар кешені іске асырылып жатқанын атап өтті.

4558EB68-ABCC-413D-B6DA-1F191FA0285C

Сурет: ОКҚ

«Әр өңірде азаматтармен ауқымды үгіт-профилактикалық іс-шаралар жүргізілуде. Балалардың қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға олардың жанындағы ересектер айтарлықтай әсер етеді, ол ата-аналар, тәрбиешілер, мұғалімдер. Сондықтан азаматтармен, тұрғындармен кездесулер әңгімелесулер, рейдтер, жиындар өткіземіз, сонымен қатар жадынамалар таратамыз, әлеуметтік желілерді белсенді қолданамыз», - деді спикер.

Сондай-ақ әлеуметтік осал отбасылар арасында адрестік түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Жергілікті әкімдіктермен, волонтерлермен бірге бірлесіп үйлерде улы газ датчиктері, көпқабатты үйлерде терезелерге арнайы блокираторлар орнату жұмыстары жүргізілуде.

«Мұнымен қоса, балалармен тікелей жұмыс істейміз. Өскелең ұрпақтың арасында ақпараттық жұмысты күшейту мақсатында, мысалы, осы жылдың басынан бері елімізідң оқу орындарында 7 мыңнан астам интерактивті және практикалық сабақтар өткізілді. Өрт, құтқару бөлімшелерінде экскурсиялар ұйымдастырылады, жазда барлық балалар сауықтыру орталықтары мен лагерьлерінде көшпелі сабақтар өткізіледі», - деді ТЖМ өкілі.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале