22.02.2022, 21:27
Оқылды: 45

Балалардың құқығын қорғау мәселесі талқыланды

Бүгін облыстық полиция департаментінде облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетовтың төрағалығымен облыс әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысы өтті.

Копия Изображение 030

Комиссия отырысында балалардың құқығын қорғаудағы өзекті мәселелер талқыланды.

«Күн тәртібіндегі келелі мәселелер өскелең ұрпақтың өмір сапасын арттыру стартегиясымен тікелей байланысты. Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялады. Балаларға ерекше назар аудару керек екенін айтты. Сонымен бірге балалық шақты қорғау мақсатында денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру саласында нақты шаралар қабылдау бойынша нақты нұсқаулар берді. Біз, барлық құзырлы құрылымдар, осы бағытта жоспарлы, нәтижелі жұмыстануымыз керек», - деп атап өтті Б. Хаберұлы.

Отырыс барысында тұрмыстық зорлық-зомблылықтың алдын алу, «медициналық-әлеуметтік есепке алуды» жүргізу мәселелері талқыланды. Әлеуметтік-осал отбасылар мен оларда тәрбиеленіп жатқан балаларды қолдау шаралары пысықталды.

Комиссия мүшелерінің баяндамаларымен қоса, аудандардағы құзырлы мекемелердің есебін тыңдаған Б. Хаберұлы тек цифрларды санай берудің қажеті жоқ екенін айтып, атқарылған істің нәтижелі болуын тапсырды.

 

Айна Имашева, 

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале