12.10.2024, 12:00
Оқылды: 68

Баланы емханаға қалай тіркеуге болады?

Баланы емханаға ата-анасының немесе заңды өкілдерінің бірі өзінің электрондық цифрлық қолтаңбасының (ЭЦҚ) көмегімен электрондық үкімет порталы арқылы қоса алады, деп хабарлайды «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ БҚО бойынша филиалының баспасөз қызметі. 

InShot_20241012_120317230

Мұны қалай жасауға болады?

  • egov.kz порталда авторизациялау
  • “Денсаулық сақтау” бөлімінде “алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін медициналық ұйымға тіркелу” бөліміне өту
  • Баланың ЖСН көрсетіңіз және онлайн-өтінімде қажетті деректерді (өңірді, медициналық ұйымды, тіркелу себебін, учаскелік дәрігерді) таңдаңыз.

Қызмет көрсету мерзімі – 1 жұмыс күні.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет бетіне өту: медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға тіркелу (https://egov.kz/cms/ru/services/494pass_mz)

#мәмсбқо #фсмсзко

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале