13.10.2022, 16:45
Оқылды: 54

Баланың туу туралы куәлігін енді Kaspi.kz қосымшасынан алуға болады

Kaspi.kz Әділет министрлігімен, Денсаулық сақтау министрлігімен, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен және «ҰАТ» АҚ-пен бірлесе отырып, жаңа сервисті іске қосты. Енді баланың туу туралы куәлігін тура үздік Kaspi.kz қосымшасында онлайн алуға болады.
c8679a43f01f426091ac0f385dba76a9

Енді ата-аналарға куәлікті ресімдеуге уақыт жұмсаудың қажеті жоқ. Құжатты онлайн ресімдеп, ал оған кететін уақытты сәбиін күтуге арнай алады.

Біз қазақстандық отбасылар үшін инновациялық сервистерді үнемі дамытып отырамыз. Қазірдің өзінде Әлеуметтік шот ашу, бала тууға байланысты жәрдемақыны және бір жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлемді ресімдеу сияқты сервистерді іске қостық. Енді Kaspi.kz мобильді қосымшамызда баланың туу туралы куәлігін ресімдеуге мүмкіндік пайда болды. Бұл сервисті біз Әділет министрлігімен, Денсаулық сақтау министрлігімен, Цифрландыру министрлігімен және «ҰАТ» АҚ-пен бірлесіп іске қостық. Мемлекеттік органдарға мемлекеттік қызметтердің әр қазақстандыққа қолжетімді болуына мүмкіндік бергені үшін, ал барлық сүйікті клиенттерімізге бізбен бірге болғаны үшін мың алғыс! - деді Михаил Ломтадзе, Kaspi.kz басшысы әрі негізін қалаушылардың бірі.

Біз азаматтардың мемлекеттік қызметтерге қол жеткізу мүмкіндіктерін кеңейту жұмысын жалғастырамыз. Бала туылған кезде Қазақстан азаматтарына жәрдемақы ресімдеу үшін SMS-хабарлама мен баланың туу туралы куәлігін ресімдеу бойынша өтініш келеді. Енді куәлікті Kaspi.kz қосымшасында ресімдеуге мүмкіндік пайда болды, - деді Бағдат Мусин, ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі.

Цифрландыру министрлігі құрған мемлекет пен бизнестің өзара әрекет ету форматы кең тараған қосымшаларға ыңғайлы және пайдалы қызметтерді ендіруге мүмкіндік береді. Бұл механизм азаматтардың мемлекеттік қызметтерді алу барысын барынша жеңілдетеді.

Туу туралы куәлік алуға өтінімді тура Kaspi.kz қосымшасында беруге болады. Өтінімде баланың есімі мен ата-анасының деректерін енгізу керек, содан кейін куәлікті алғыңыз келетін ХҚКО-ны таңдауыңыз керек.

Өтінім берген кезде ата-ана Kaspi.kz қосымшасында бейнеанықтау рәсімінен өтуі керек – смартфонның камерасына бет әлпетін көрсетуі керек. Бұл құжаттарыңызға бөгде адамдардың қол жеткізуіне жол бермеу үшін жасалды.

Мемлекеттік органдар өтінімді екі күннің ішінде қарастырады. Куәлік Kaspi.kz қосымшасында «Цифрлық құжаттар» бөлімінде қолжетімді болады. Сондай-ақ құжатты өзіңіз таңдаған ХҚКО-дан ыңғайлы уақытта алып кете аласыз.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале