19.03.2024, 14:30
Оқылды: 45

Баласына 3,5 миллион теңге алимент төлемей жүрген әкенің картасынан 6 миллион теңге табылды

Елорда прокуратурасы электронды әмиянында 300 млн теңгеден асатын ақшасы бар 170 борышкерді анықтады, деп хабарлайды Kazinform.

ЖП АҚША

Осылайша, бір ғана борышкер алимент бойынша 3,5 млн теңге қарызы бола тұра, өз әмиянын 6 млн теңгеге толтырған.

Алимент өндірудің осы және басқа да түйткілді мәселелері қала прокуратурасының алаңында уәкілетті органдар мен жеке сот орындаушылардың өңірлік палатасының қатысуымен өткен алқа мәжілісінде талқыланды.

Қадағалау актісі бойынша уәкілетті орган жасырын кірістерді балалардың пайдасына өндіру бойынша шара қабылдап жатыр.

Бүгінгі таңда борышкерлер 20 млн теңге қарызын өтеп үлгерді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале