11.12.2025, 11:00
Оқылды: 16

Балқаш жағалауындағы пайдаланылмаған жер телімі мемлекеттік меншікке қайтарылды

Мемлекет басшысының өңірдің туристік кластерін дамыту жөніндегі тапсырмасын орындау аясында ҚР АШМ-нің Қарағанды облысы бойынша Жер ресурстарын басқару департаменті бұрын берілген, бірақ игерілмеген жер учаскелерін Балқаш көлі жағалауынан туристік нысандар салу үшін мемлекеттік меншікке қайтару бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі.

_gluster_2025_5_8_9335bb6a0fdfbcbf07f538886384cdde_1280x720

Жоспардан тыс тексеру нәтижесінде Торанғалық ауылында орналасқан, аумағы 0,5 гектарды құрайтын, демалыс аймағын абаттандыру және туристік қызметтер көрсету үшін берілген, бірақ көптеген жылдар бойы пайдаланылмаған жер телімі анықталды. Кәсіпкерге жерді игеру туралы нұсқама берілді.

Нұсқаманың орындалмауына байланысты департамент кәсіпкерге айыппұл салып, жер учаскесін мәжбүрлі түрде алып қою туралы талаппен сотқа жүгінді.

Қарағанды облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты ЖРБД талаптарын толық қанағаттандырып, жер телімін мәжбүрлеп алып қою және оны кейіннен сауда-саттыққа (аукционға) қою туралы шешім қабылдады.
Сот шешімі заңды күшіне енді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале