
Сурет: olympic.kz
Отандасымыз 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде топ жарды. Финалда ол осыған дейін U23 санатында әлем чемпионы атанған әзірбайжандық Эльмир Алиевтен басым түсті.
Айбек Айтбеков финалға дейінгі белдесулерде ресейлік Алибэк Амировты, жапониялық Сэйма Токухараны және украиналық Евгений Поковбаны жеңді.
Айта кетейік, Айбек Айтбеков биыл 23 жасқа дейінгі балуандар арасында Азия чемпионатында да алтын тұғырға көтерілген еді.