Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының үкімімен ҚР АШМ Балық шаруашылығы комитетінің төрағасы Н.Т.Жүнісов және оның қарамағындағылар – балық ресурстарын қорғау және балық аулауды реттеу басқармасының басшысы Е.К.Суықбаев сотталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің баспасөз қызметі жазды.
«Сот үкімімен оларға алты жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Сонымен қатар аталған адамдар мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан айырылды.
Олар жалпы қамқорлығы үшін 2021 жылдан 2024 жылдың ақпанына дейін шағын және орта бизнес өкілдерінен жүйелі түрде пара алды деп айыпталды. Үкім заңды күшіне енген жоқ», деп жазды Антикор.