Қазақстан қаржыгерлерінің конгресінде банкаралық QR бойынша пилоттық жоба таныстырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Енді QR төлемдері арқылы барлық банктің төлемін бір құрал арқылы төлеуге мүмкіндік болады.
Банкаралық QR төлем қызметі азаматтарға QR төлемдерін жылдам және ыңғайлы жүргізуге мүмкіндік беретін Ұлттық цифрлық қаржылық инфрақұрылымның (бұдан әрі – NCFI) құрамдас бөліктерінің бірі саналады.
Атап айтқанда, банкаралық QR төлемдерін енгізу кәсіпкерлік субъектілеріне әртүрлі банктердің бірнеше терминалдарын орнату құнын төмендетуге, ал азаматтарға QR-код арқылы елдегі кез келген банктің терминалы арқылы төлем жасауға мүмкіндік береді. Өз кезегінде банктер NCFI инфрақұрылымына қатысу аясында банкаралық транзакцияларды өңдеу құнын төмендету және клиенттерге төлем қызметтерін кеңейту есебінен шығындарды оңтайландыруға мүмкіндік алады.
Қазіргі уақытта банкаралық QR төлем жүйесінің функционалдығы қамтамасыз етіліп, қатысушы банктерді кезең-кезеңімен қосу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жобаны масштабтау 2025 жылға жоспарланған.
Бірінші транзакцияның көрсетілімі 15 қарашада Алматыда өткен Қазақстан қаржыгерлерінің конгресі аясында екінші деңгейлі екі банктің қатысуымен өтті.
Фото: Baq. kz