9.09.2022, 13:01
Оқылды: 48

Банктер борышкерден өндірілген мүлікті 3 жылдың ішінде сатып үлгеруге міндетті

Бұдан былай банктер мен микроқаржы ұйымдары борышкерден өтелмеген несие үшін тәркіленген мүлікті өз меншігінде 3 жыл ғана ұстай алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

220909113431399e

Стрестік активтер нарығын дамыту заңының негізгі жаңашылдықтарын түсіндірген ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Қизатов осындай мәлімет айтты

«Заң өндіріп алынған мүліктің банктердің және микроқаржы ұйымдарының балансында болуы үшін шекті мерзімді 3 жыл деп белгілеуді, яғни проблемалық кредитті өтеу есебіне банктің меншігіне өткен мүлік түріндегі стрестік активтің болуы үшін шекті мерзімді 3 жыл деп белгілеуді көздейді. Бұл банктерді және микроқаржы ұйымдарын стрестік активтерді экономикалық айналымға жедел түрде тартуға ынталандырады», - деді агенттік өілі.

Айтуынша, қабылданған заң стрестік активтерді экономикалық айналымға тарту арқылы стрестік активтердің қайталама нарығын дамыту үшін берік негіз жасауға тиіс.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале