30.06.2021, 15:24
Оқылды: 177

Банктер халық үшін қызмет жасайды

Банк арқылы біз талай мәселелерді шешіп жатырмыз. Жалақымызды банк арқылы аламыз, коммуналдық және басқа төлемдерді банк арқылы төлейміз, бірақ сол қаржылық ұйымның еңбегінің күрделі екенін түсінудің өзі оңайлыққа түспейді.  

Биыл Halyk Bankінің құрылғанына 98 жыл толады. Банк жүзжылдық тарихында халықпен қатар талай қиындықтарды бастан кешті. Өзінің атауына сай, халықпен бірге болды. Өзім тоқсаныншы жылдардан бері банктің клиенті болып келемін. Тіпті, несиелік тарихым да сол күрделі уақытта басталып еді. Басыма қиындық туғанда, еңбекақымды жарты жылдай уақытымен ала алмай жүргенде несие алуға мәжбүр болдым. Ол кезде техника мынадай дамыған жоқ, менеджерлер бәрін компьютердің көмегіне жүгінбей есептеді. Несиенің сыйақысы қазіргі заманмен салыстырғанда, әлдеқайда жоғары болғаны бәрімізге мәлім. Ол жерде банктің ешқандай қатысы жоқ, себебі заманға сай бүкіл ел қаржы жағынан зардап шекті.

Өзім банктің арқасында үйге де ие болдым. 2007 жылдан бастап «Отбасы банктің» клиенті болып келемін. Орал қаласынан жаңа екі бөлмелі пәтер алдым. Егерде мемлекеттік бағдарлама енгізілмесе, тума-туысқандарыммен бірге ескі үйде тұра беретін едім. Мен сияқты баспанаға қолы жеткен адамдар аз емес шығар, бірақ бәрі бірдей өз ризашылығын жеткізе алмайды. Ал менің  алғысым шексіз, себебі он төрт жылда әртүрлі қиындықтан өттім. Бірақ сол ауыр кезде «Отбасы банктің» қолдауы ерекше болды. Дағдарыс жылдары несие төлеуді 6 ай кейін мерзімге ауыстыру үшін дәлелдемелі құжат жинап жүргенде, банктің менеджерлері көңіліме тиетін ауыр сөз айтып не болмаса қабағын шытып көрген жоқ. Олар кездейсоқ жағдайда халықпен бірге болып, олардың көңілін түсірмей, күрделі жағдайдан шығуға қолдау жасады. Банктерді жамандамағаннан біздің жағдайымыз жақсармайды, одан әрі күрделене түседі. Сондықтан өзара қарым-қатынасты жақсартып, екі жақтың ықпалымен мәселені шешуге тырысқан жөн деген ойдамын.

Сонымен қатар, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтын Жарлығымен 2019 жылы жалпы қарызы 3 млн. теңгеден аспайтын әлеуметтік аз қамтылған көпбалалы отбасылардың, асыраушысынан айырылған отбасылардың, мүгедек балалары бар, арнайы әлеуметтік төлем алушылардың, жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, кәмелет жасқа дейін ата-анасынан айырылған 29 жасқа дейінгі азаматтардың кепілсіз тұтыну несиесі бойынша қарыздары кешірілді. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Білім және ғылым, Әділет министрліктерінің мәліметтері бойынша, 105 млрд. 174 млн. теңге мөлшерінде 507363 азаматтың несиесі жабылды, - деп «KAZINFORM» хабарлады.

Сол ынтымақтасты іздемей, кейбір азаматтар банктегі берешектерді төлеу үшін МНҰ (микронесиелік ұйымдарға) жүгініп, одан әрі қарызға батып, несиелерін жабуға ұмтылады, себебі МНҰ сыйақысы банктермен салыстырғанда әлдеқайда жоғары екені бәрімізге мәлім. Осындай жағдай туындағанда, іске коллекторлар араласады. Тіпті жедел ақша беретін компаниялар несиені коллекторларға беріп жатқаны да бізге мәлім. Ал олар борышкер азаматтарға қысым көрсетіп, жағдайды оның үстіне ауырлатуы ықтимал. Сондықтан коллекторлардың қызметін реттейтін түзетулер де қабылданды. Енді оларға коллекторлық агенттікке тіркелмеген, бөтен адамдардың телефон нөмірінен борышкерлерге хабарласуға тыйым салынады. Одан басқа, агенттіктер борышкермен сөйлесудің кез келген процесіне бейне және аудио түрінде жазба жүргізуге міндеттеледі. Осылайша, бұл норма коллекторлардың борышкермен дөрекі сөйлесуіне немесе заңнаманы бұзуына жол берілмейді. Банктердің ЖТСМ (жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі) жылдан-жылға азайып келе жатыр. Мен өзім ипотекалық несиені алғанда еліміздегі ЖТСМ 56 % болып еді, қазіргі таңда мемлекеттік бағдарлама бойынша 4% дейін түсті.

фото 1

Банктер ол шартты, сөзсіз, орындап жатыр. Ал МНҰ банктермен салыстырғанда, күні кеше құрылған мекеме болғасын ол туралы айту оңай емес. Ал олардың жарнамасын алсақ, клиенттерді өзіне тартудағы амалы әлдеқайда зор. Банктік, микроқаржылық және коллекторлық қызметті реттейтін заңнамада осы мәселелер қарастырылған. Оның бірі қарыз беру шарттарын ашық түрде көрсету қажеттілігі. Қазіргі заңнамаға сай, МНҰ ЖТСМ (жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі) 56 %-тен 30-20-ға дейін төмендеді. Осы шарт МНҰ-дар несие бергенде жеткілікті түрде орындалып жатыр ма екен деген сұраққа жауап беру мақсатында Орал қаласындағы жеңіл ақша беретін компанияларды аралап шыққанда, көптеген жағдайға куәгер болдым.

МНҰ-ның жарнамасында ЖТСМ мүлдем көрсетілмеген. Ал келісімшартта оны белгіледі ме әлде құпия түрде қалды ма, кім білген. Өзге компаниялар пайыздық мөлшерлемесін жарнамада көрсеткеннің өзінде, оны келісімшартта нақты белгілемеуі де ықтимал.

фото2

ҚР Қаржы нырығын реттеу және дамыту жөніндегі агенттігінің Орал қаласындағы өңірлік өкілдер басқармасының бастығы Айман Айдарованың айтуынша, 521 қаржылық ұйым тексерілгеннен кейін, сотқа 14 искілік арыз, оның ішінде 33 ломбардқа, 453 – НС (несиелік серіктестіктерге), 2 – МҚҰ (микроқаржылық ұйымға) және 14 МНҰ (микронесиелік  ұйымдарға)  және 19 өзге кредит берушілерге қатысты шағымданған. Бұл жерде біздің көңіліміздің толғаны, онлайн-кредиторлар жөнінде ешқандай мәлімет жоқ, мүмкін, халықтың сауаттылығы жоғарылаған шығар деген ойдамыз. БҚО ресми түрде лицензия алып жұмыс істеп жатқан 38 қаржылық ұйым болса, оның 13 – НС, 13 – ломбард, 12 – МҚҰ.

фото 444

Былтырғы, 2020 жылы ЖТСМ (жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін) асырған 10 ломбардқа қатысты жазбаша ескертулер нысанында, азаматтық заңнаманы бұзғаны үшін  шектеулі шаралар қолданылды. Сонымен қатар, 31 хаттама толтырылып, ӘҚБТ ҚР кодексінің 211-бабының  5-бөліміне сай  жалпы 4571000 теңге сомасына айыппұл салынды.

Қазақстандағы ең ірі коммерциялық Halyk Bankінің жүзжылдыққа жуық тарихының кейбір кезеңдеріне көңіл аударып көрейік:

1923 жылы Алғашқы жинақ кассасы Ақтөбе қаласында ашылған
1941 жыл 1515 жинақ кассасында 316 адам жұмыс істеген
1961 жылы 2805 жинақ кассасы 1770 жеке шотта 322,7 млн. рубль мөлшерінде салым
1994 жылы 2400 мекеме 14 мыңға жуық адам
2012 жылы Банк «Euromoney»  халықаралық басылымының марапатына ие болды
2014 жылы «2014ж. Қазақстанның үздік инвестициялық банкі» номинациясын жеңіп алды. Ақмола облыстық балалар ауруханасының «Өмір сыйлайық» жобасы аясында жансақтау бөліміне жаңа туылған нәрестелерге арналған заманауи жабдықтар тапсырылды
2015 жылы Euromoney  халықаралық басылымының марапатына ие болды
2016 жылы International Banker халықаралық басылымы басқарма төрайымы Үміт Шаяхметованы «Шығыс Еуропадағы жыл банкирі» номинациясы бойынша жеңімпаз деп таныды
2018 жылы Global Finance журналы Банкті «2018 жылы сауданы қаржыландырудың үздік провайдері» деп атады
2019 жылы Жастар жылы аясында «Zhas Halyk» бағдарламасын іске қосты және оған 1 млрд. теңге бағыттады. «EMEA Finance» халықаралық сараптамалық журналының «Қазақстандағы үздік банк» атағына ие болды.

Осы кесте арқылы банктік жүйе қаншама оң өзгеріске ұшырағаны жай көзбен де байқалады. Кассалардың, шоттардың, салымшылардың саны жылдан-жылға көбейіп бара жатқаны банкке деген сенім білдірудің нәтижесі. Бұдан да көп нәрсе істелген шығар, дейтұрғанымен оның бәрін бір ғана мақалада атауға мүмкіндік жоқ.

 

Светлана Аманова,

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале