Үкімет банктерге Қазақстаннан қолма-қол рубльді шығаруға рұқсат берді. Қаулы НҚА эталондық бақылау банкі сайтында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріне 2022 жылғы 31 тамызға дейін кассаларда 1 шілдедегі сағат 23:59-ға дейін жинақталған көлем шегінде Қазақстаннан қолма-қол Ресей рублін әкетуге рұқсат етілсін", - делінген құжатта.
Қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Еске салайық, наурызда Президент Қазақстаннан 10 мың доллар баламасынен асатын шетел валютасын әкетуге тыйым салатын жарлыққа қол қойған болатын.