Банктік шотты бұғаттау - банк клиенті тап болуы мүмкін жағдай. Бұғаттаудың себептері әртүрлі болуы мүмкін: техникалық іркілістерден бастап заңнаманы бұзуына күдік келтіруге дейін.
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мұндай жағдайларда қалай әрекет ету керектігін еске салады.
Шотты бұғаттаудың ықтимал себептері:
Егер шот бұғатталған болса не істеу керек?
Егер сіз шотқа қолжетімділік шектелгенін байқасаңыз, бірінші кезекте банктің мобильдік қосымшасындағы хабарламаларды тексеріңіз - себебі сол жерде көрсетілуі мүмкін.
Банкпен колл-орталық арқылы байланысыңыз немесе толық ақпарат алу үшін жақын жердегі бөлімшеге хабарласыңыз. Кіруді қалпына келтіру үшін қандай әрекеттер қажет екенін анықтаңыз.
eGov.kz немесе салық төлеушінің кабинеті арқылы ықтимал берешектің болуын тексеріңіз. Қажет болған жағдайда қаражаттың шығу көзін растайтын құжаттарды дайындаңыз және ұсыныңыз.
Бұғаттау тәуекелін қалайша төмендетуге болады:
Қосымша пайдалы материалдармен Fingramota.kz. сайтында танысуға болады.
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі