17.09.2021, 10:02
Оқылды: 163

«Барымташылар. Уақыт жолдары» фильмінің тұсауы кесілді

16 қыркүйек күні Х.Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрында «JaiyqFilmFest» кинофестивалінің ашылу салтанаты өтті. Фестивальге келген қонақтар, тартысты додада бақ сынауға бекінген жергілікті режиссерлар, мәдениет майталмандары қызыл қілеммен жүріп өтіп, көрермендердің қошеметіне бөленді.

 9

Облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов, Орал қаласының әкімі Абат Шыныбеков Қазақ КСР еңбек сіңірген артисі, «Құрмет», «Парасат» ордендерінің иегері, театр және кино актрисасы Меруерт Өтекешованы сахна төріне шақырып, құрмет көрсетті. Елімізге танымал актерлар фестиваль туралы өз ойларын ортаға салып, осындай ауқымды шараның Жайық өңірінде өткені – үлкен жетістік екенін айтты. Байқауға қатысуға жолдама алған ұзын саны 30-дан асатын фильмдерге шолу жасалды. Іс-шара «AQJAIYQ» телеарнасының тікелей эферінде көрсетілді. Қырғызстан, Армения, Әзірбайжан, Грузия, Тәжікстан, Франция, Беларусь елдерінен қатысқан үміткерлер фестивальдың ашылу салтанатын тікелей эфир арқылы тамашалады және фестиваль қатысушыларына сәттілік тілеу үшін онлайн байланысқа шықты.

14

Жоғары деңгейде ұйымдастырылған фестивальде қысқаметражды фильмдерді кино және театр актрисасы, Қазақ КСР Еңбек сіңірген артисі, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері Меруерт Өтекешова, кино және театр актрисасы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Алтынай Нөгербек, режиссер, сценарист Ерлан Нұрмұхамбетов, 71-ші Канн халықаралық кинофестивалінің «Үздік әйел рөлі» аталымының және «Ника» Ұлттық киноматографиялық сыйлығының иегері Самал Еслямова, режиссер, сценарист, продюсер Жеңісхан Момышев қазылық етсе, қысқаметражды фильмдерді танымал теле және кинооператор Талғат Тайшанов, «Ақжайық» телеарнасының директоры Асланбек Ғұбашев, продюсер, сценарист, көптеген деректі фильмдер режиссері Айгүл Черендинова бағалайтын болады.

10

Шара соңында режиссер Ерлан Нұрмұхамбетовтың Қазақстанда тұңғыш рет «Барымташылар. Уақыт жолдары» фильмінің тұсауы кесілді.

Марлен Ғилымхан,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале