5.01.2023, 13:00
Оқылды: 69

Бас прокуратура қаңтар оқиғасы туралы фильм түсірді

Қайғылы қаңтардың хронологиясын жинақтаған фильм 11 минут 10 секундқа созылады.

8

Қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде 12 ұйымдасқан қылмыстық топ жұмыс істегені анықталды, олардың ішінде ең белсенділері «Қазақстандықтар», «Айшуақ-Жантүгел» және «Дикий Арман» тобы болды.

«Соңғылары әртүрлі аудандардан 24 адамды ұрлап кеткен. Оларды «Қазақстан» және Ritz-Carlton қонақ үйлерінің паркингтерінде кепілге алып, ұрып-соғып ұстады», делінген фильмде.

Сондай-ақ қайғылы қаңтар айында бірқатар өңірде ҰҚК жергілікті бөлімшелері мен полиция департаменттерінің басшылары қарамағындағыларға жұмыс орнынан кетуге бұйрық бергені белгілі болды. Мысал ретінде Алматы облысы ПД бұрынғы бастығы Серік Күдебаевтың полиция ғимаратынан кетіп бара жатқаны көрсетілген.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале