2.11.2020, 16:52
Оқылды: 105

Бас жүлде батыстың қос тазысында

Қарашаның бірі күні Ақтөбе облысы Ырғыз ауданында «Салбурын – 2020» республикалық тазылар сайысы өтті. Ақтөбедегі «Тазы жанашырлары» қауымдастығының жетекшісі Ғабит Сейтжановтың айтуынша, құмай тазы жарысы жыл сайын ұйымдастырылады.

olKYuNnDM9MS51jH-lg

Сайыстың жоғары деңгейде өтуіне ит жүгіртіп, құс салуға құмар, саят өнеріне іңкәр азаматтар ерікті түрде атсалысып отырады. «Салбурын – 2020» жарысына Ақмола, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарында бапталған 60-тан астам тазы қатысты.

Сайысқа қатысқан тазылардың барлығы – ор қоян, елік етіне ауызданған жүйріктер. Шара нәтижесінде Тасқала ауданының аңшысы Абзал Татмаковтың «Тұрымтайы» мен Бәйтерек ауданының тұрғыны Нұрлан Мұхтаровтың «Нөкерінің» бәсі барлығынан басым түсіп, қос тазының иесі бас жүлдені бөлісіп алды.

Ұйымдастырушылар осы жолы бас жүлдеге тай атапты. Тазы баптау – ежелден бері ел жадында сақталып келе жатқан атакәсіп. Бекзат өнердің хас мамандары Ақжайық атырабының даңқын бір аспандатып тастағаны хақ.

Нұрлан Ғаппар,
zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале