4.07.2023, 10:15
Оқылды: 9

Басқа атау құрып қалды ма?

Жақында бір тума-туыстың құдалығына барғанбыз. Бірден айта кетейін, өзім әуелден арақ-шарапқа шатағы жоқ кісімін. Құдалыққа шақырылған қарайған қонақтың арасында менен басқа да  «ішпейтін» меймандар баршылық.

2e0fc87b-92ba-4b84-8338-525d274892c6

Сөйте тұра, әлгі дастарқанға уытты ішімдіктің неше түрі қойылған екен. Солардың ішінен біреуінің «QAZAQ ARAGY» деген атауы мені қатты тіксінтті. Үшбу шайтансуды өндіруші Ақтөбе қаласындағы «Maximus» ЖШС екен.

«Апырым-ай, қасиетті ислам дінін ұстанатын, күллі түркі дүниесінің түбір-тамыры, түп-тұқияны, яки атажұрты саналатын ұлттың атауын қорлаудың мұнан өткен қандай өрескел түрі болуы мүмкін?» деген көңілсіз ой иектеді мені. Ал кейбір даңғой-желөкпелер құдалық басталысымен, «Басқасын қоя тұр, әуелі өзіміздің «Қазақ арағын» ішейік!» деп желіге даурықты. Сірә, бұрынғылар «Жүре берсең, көре бересің» дегенде осындай әумесерлікті меңзеген болса керек. Сонымен, бүгіндері біраз қазаққа «Қазақ арағын» ішуден басқа шаруа болмай тұрғанға ұқсайды. Еһ-һ-һ, азған адам-ай, тозған заман-ай...

Бауыржан Әлжан

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале