30.06.2023, 10:15
Оқылды: 186

Баскетболдан Қазақстаның 16 жасқа дейінгі құрамасы Азия кубогіне жолдама алды

Баскетболдан Қазақстанның 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасы Самарқан (Өзбекстан) қаласында өткен CABA іріктеу турнирінде жеңіске жетіп, Азия Кубогіне жолдама алды. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлігі хабарлады.

36b86104-ba62-44ac-9abc-50ebe685b02f

Қазақстан жасөспірімдері әуелі Қырғызстан жасөспірімдер құрамасын 97-42 есебімен жеңсе, шешуші ойында Өзбекстанның 16 жасқа дейінгі жасөспірімдерінен 91-47 (32-13, 20-16, 24-8, 15-10) есебімен басым түсті.

Қазақстан U16 құрамасы CABA аймағына берілген жалғыз жолдамаға ие болды. Азия кубогінің финалдық кезеңі 17-24 қыркүйек аралығында Доха (Катар) қаласында өтеді.

Турнир нәтижелері:
1 орын: Қазақстан U 16
2 орын: Өзбекстан U 16
3 орын: Қырғызстан U 16

Сондай-ақ жеңімпаз командалар арасынан үздік ойыншылар анықталды:
Әлішер Мұратұлы - Қазақстан U 16
Амир Рустамов - Қырғызстан U 16
Гулбани Зураб – Өзбекстан U 16

Қазақстанның чемпиондық құрамы: 
1. Мұратулы Алишер
2. Барабаш Иван
3. Әділбек Нұрмұхамед
4. Әубәкіров Санжар
5. Джарекеев Ислам
6. Талғатов Арсен
7. Дорошин Алексей
8. Пестов Илья
9. Сұлтан Бейбарыс
10. Ремезов Иван
11. Соннов Павел
12. Исабаев Марлен

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале