Былтыр 21 желтоқсанда Салық кодексіне қаржылық жалдауға берілген мүлікке салық салу бойынша өзгерістер енгізілді. Бұл туралы ҚазАқпарат мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.
Фото дереккөзі: zakon.kz
Қаржылық жалдауға берілген мүлікке мүлік салығын салу мәселесі реттелді.
Атап айтқанда, жалға беруші қаржылық жалдауға (қаржылық лизингке емес) берілген мүлік бойынша мүлік салығын төлеуші деп танылады.
Мұндай мүлік бойынша салық базасы ҚЕХС немесе бухгалтерлік есепке сәйкес айқындалған дебиторлық берешектің (ұзақмерзімді) орташа жылдық сомасы болып табылады.
Бұл норма 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енді.